ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

    ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

    2026 жылғы 7 қазанда Ақсу-Аюлы ауылында қазақ күресінен ерлер арасындағы Қарағанды облысының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан келген ең үздік спортшылар қатысып, 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынасты. Боз кілемдегі тартысты кездесулер қорытындысы бойынша озық шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және белбеулермен марапатталды. Сонымен қатар, чемпионат аясында 8 салмақ дәрежесінің жеңімпаздары арасында жалпы жүлде қоры 500 000 теңгені құрайтын ақшалай сыйлықтар ойнатылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары