
Республика күніне орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ақжал кентінде Сакен Сейфуллин көшесінің бойында жаңа саябақтың ашылу салтанаты болып өтті. Аталған саябақтың ашылу салтанатына орай Ақжал кенті әкімдігі кәсіпкерлермен бірлесе отырып ұйымдастырған "Дала дәмі" ауылшаруашылығы жәрмеңкесі тұрғындарды табиғи өнімдермен қамтамасыз етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.









