ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

    ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

    2026 жылдың 30 қыркүйек - 5 қазан аралығында Грекия Республикасының Салоники қаласында спорттық самбодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Ақсу-Аюлы БЖСМ спортшысы Ішікбай Ерсұлтан қола жүлдегер атанды!
    Ел намысын абыроймен қорғап, ауданымыздың мерейін үстем еткен спортшымызды және оның бапкері Жампейсов Асылбекті осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындырып, көк туымызды көкте желбірете беруіне тілектеспіз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары