Павлодарда прокурорлар 30 астам кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

    Павлодарда прокурорлар 30 астам кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

    Табиғат қорғау прокуратурасы мемлекеттік бақылау субъектілерінің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруы кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

    Экология департаменті импорттаушы кәсіпорындарға қатысты тексеру жүргізбей және нақты мән-жайларды анықтамай, өндірушілердің міндеттемелерін уақтылы орындамау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар шығарғаны анықталды

    Осылайша, экология және қоршаған орта саласындағы аумақтық уәкілетті орган мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, 34 бизнес субъектісін, оның ішінде 1 инвесторды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

    Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері бойынша экологтардың қаулыларының күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, кәсіпкерлер заңсыз әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

    Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, бизнес құқықтарын қорғау және қалпына келтіру прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының прокуратурасы" жаңалықтары