Тараз қаласындағы мектепте өрт-тактикалық сабақ өтті

    1 / 3

    Қаладағы №52 бастауыш мектеп-балабақшасында Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өткен өрт-тактикалық сабаққа барлығы 2 бірлік техника мен 15 адам жеке құрам жұмылдырылды. Шақырту орнында 2 газ-түтіннен қорғау буыны жұмыс атқарды. Шараның мақсаты, аталған нысанда шартты өртті сөндіруді тәжірибелік тұрғыдан машықтау, сонымен қатар мектеп және балабақша қызметкерлерімен өзара әрекеттестікті арттыру. Құтқарушылар аталған ғимараттың екінші қабатында орналасқан жатын бөлмеде туындаған өртті сөндіріп, 300 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Іс-шара соңында құтқарушылар мектеп ұжымына өрт сөндіргшіті қолдануды еске салып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды. Одан әрі құтқарушылар аталған мектеп ғимаратының ерекшелігімен танысты.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары