Есірткіге қарсы спорт: Семейде 80 жасөспірім веложарысқа қатысты

    Семейде Абай облысы Полиция департаменті облыстық әкімдікпен бірлесіп, 13–14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында веложарыс ұйымдастырды.

    Жарысқа 80 жасөспірім қатысып, өздерінің төзімділігін, белсенділігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

    Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді спортқа баулу.

    Спорт — денсаулыққа бастар жол, ал есірткіден бас тарту — жарқын болашаққа жасалған таңдау!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары