1 / 3
Ресей Ғылым академиясының Археология институтының ғалымдары Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейіне арнайы келді. Ғылыми сапардың мақсаты — П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің күнделігінде сипатталған қазақ жеріндегі тарихи бағыттарды зерттеу, тарихи орындарды анықтау және оларды цифрлық форматта сақтау. Бұл жоба тарихи-мәдени мұраны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.









