«Жас сақшы» оқушылары музейде

    1 / 3

    «Жас сақшы» оқушылары музейде

    Күреңбел қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушылары «Жас сақшы» тобының мүшелері Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне экскурсия жасады.

    Экскурсия барысында оқушылар ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектері, саяхаттары және қазақ тарихына қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар музей жәдігерлерімен танысып, тарихи білімдерін толықтырды.

    Танымдық шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке баулу және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

    Экскурсия оқушыларға ерекше әсер қалдырып, рухани білімдерін байыта түсті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары