1 / 6
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Қызылорда крахмал-сірне зауытының» ЖШС-нің бас директоры Вилиян Халиковпен бірге, зауыттың бірнеше кезеңнен тұратын жобасы аясында бірінші кезекте кептіру қондырғысы мен қабылдау қоймасының жұмысымен танысты.
«Шаған Жер» ЖШС басшысы Жеңісбек Сыздықов жаңадан қолға алынған жүгері дақылын өсірудегі жұмыстар барысын атап, жиналған дақылдардың көлемі мен алдағы жоспарымен бөлісті.
Қазіргі таңда аудан аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бағытында жүгері өсіру жұмыстары қолға алынған. Биыл «Шаған Жер» шаруа қожалығы тарапынан 300 гектар жерге жүгері дақылы егілді.
Сапалы өнім алу және оны сақтауға дайындау мақсатында жиналған жүгерінің ылғалдылығы арнайы аппараттың көмегімен тексерілуде. Бұл жұмыстар өнімнің сапасын анықтап, оны әрі қарай өңдеу мен сақтауға дайындауда маңызды рөл атқарады.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бағыттарды дамыту, егін шаруашылығында заманауи тәсілдерді қолдану және өнімділікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.









