Аудан әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді

    1 / 5

    Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

    Қабылдауға келген азаматтар жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, инфрақұрылым және медициналық көмек мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті түсіндірмелер берді.

    Аудан басшысы көтерілген мәселелерді бақылауға алып, тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сырдария ауданының әкімдігі" жаңалықтары