1 / 16
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев орман шаруашылығы қызметкерлеріне мерекелік қабылдау өткізіп, кәсіби мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы сала қызметкерлерінің табиғатты қорғаудағы жауапты міндеттеріне тоқталып, олардың еңбегінің маңызын атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында еліміздегі экология мәселесі басты назарда болу қажеттігін атап өтті. Президенттің тапсырмасына орай экологиялық ахуалды жақсартуға бағыттылған жұмыстарды жоғары деңгейде атқару үшін сала қызметкерлеріне қолдау көрсетілуде. Мемлекетіміз орман шаруашылығын дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, мамандардың біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөліп келеді. Ауданда қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандыру мақсатында сенбіліктер мен түрлі тазалық іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Осы бағытта биыл аудан аумағында 17 мыңнан астам ағаш отырғызылып, жасыл белдеу қалыптастырылды. Табиғатты аялау, ағаш көшеттерін күтіп-баптау және қоршаған ортаны көркейту жолындағы Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Бүгінде орман шаруашылығы қызметкерлері жоспарланған аумақтың 300 гектарына сексеуіл көшеттерін ексе, қалған 300 гектар жерге егу жұмыстарын жүргізу үшін дайындық жұмыстарын қолға алған. Бұл игі істің жүзеге асуына орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі зор, олар табиғатты қорғау, ағаш көшеттерін күтіп-баптау және жасыл желек аумағын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Адамзат баласының табиғатсыз күні жоқ. Қоршаған ортаны қорғауда Өздеріңіз секілді табиғат сақшылары қажырлы еңбек етуде. Сала ардагерлері мол тәжірибесімен жас мамандарға үлгі болса, сала қызметкердері орман-тоғайдың қорғалуына, табиғи апаттардың болмауына, жан-жануарлардың сақталуына жұмыс атқарып келеді. Сол еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Сала ардагерлері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сондай, ақ сала мамандарына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, облыс және аудан әкімінің "Алғыс хаты" табысталды.
Мерекелік қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және сала ардагерлері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.









