Жаңадан қызметке қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 6

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлерді қысқы киім нысанына көшіру және жаңадан қызметке қабылданған қызметкерлердің ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті.

    Іс-шара барысында жеке құрамның қызметтік тәртібі мен саптық дайындығына назар аударылып, алдағы қысқы кезеңде қызмет атқарудың маңыздылығы атап өтілді.

    Салтанатты рәсімнің маңызды бөлігі – жаңадан қызметке қабылданған қызметкерлердің ант қабылдауы болды. Олар Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға, қызметтік міндеттерін абыроймен орындауға салтанатты түрде ант берді.

    Азаматтық қорғау қызметі – үлкен жауапкершілікті, кәсібилікті және батылдықты талап ететін абыройлы міндет. Құтқарушылар үшін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу әрдайым басты басымдық болып қала береді.

    Салтанатты рәсім соңында жаңадан қызметке қабылданған қызметкерлерге сәттілік тілеп, қызметтік міндеттерін адал әрі абыроймен атқаруларына тілектестік білдірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары