Архат Бахытұлы Әлімхан – азаматтық қорғау саласының білікті маманы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 3

    Азаматтық қорғау аға лейтенанты Архат Бахытұлы Әлімхан азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және қызметіне деген адалдығымен ерекшеленіп келеді.

    Еңбек жолын өрт сөндіру бөлімдерінде бастаған Архат Бахытұлы Қарағанды және Түркістан облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттеріне қарасты бөлімшелерде қызмет атқарды. Қатардағы өрт сөндірушіден бастап, аға өрт сөндіруші және бөлімше командирі лауазымдарына дейін көтерілді.

    Қызмет барысында ол ірі өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарына белсенді қатысып, төтенше жағдайлар кезінде жедел шешімдер қабылдаумен көзге түсті. Оның қатысуымен 100-ден астам күрделі әрі ауқымды өрт сөндіріліп, бірнеше адамның өмірі құтқарылды. Сонымен қатар жеке құрамның тактикалық және физикалық дайындығын арттыруға елеулі үлес қосты.

    Қазіргі уақытта Архат Бахытұлы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жұмылдыру дайындығы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарады.

    Азаматтық қорғау саласындағы адал еңбегі мен кәсібилігі үшін Түркістан облысы ТЖД басшылығының бұйрығымен «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі төсбелгісімен және бірнеше алғыс хатпен марапатталған.

    Архат Бахытұлының еңбек жолы – жауапкершілікке, кәсібилікке және азаматтық қорғау саласына адал қызмет етуге негізделген үлгі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары