С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Рухани Келісім күнін мерекелеуге орай Павлодар облысы әкімінің орынбасары қатысуымен Діни бірлестіктер басшылары клубының дөңгелек үстелі өтті.

    1 / 11

    С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Рухани Келісім күнін мерекелеуге орай Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликованың қатысуымен Діни бірлестіктер басшылары клубының дөңгелек үстелі өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, конфессияаралық келісім қазақстандық қоғамның рухани дамуының негізі болып табылатынын атап өтті.

    Сондай-ақ, дөңгелек үстелде облыс дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбакиров басқарманың ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстары мен өткізіліп жатқан іс-шаралары туралы баяндады.

    Діни қауымдардың өкілдері облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Жиын барысында айтылған ұсыныстардың барлығы назарға алынды.

    Конфессиялардың көшбасшылары мен діни қызметшілері рухани тәрбиенің, конфессияаралық келісімнің және қоғамымыздың басқа да өзекті тақырыптарының әртүрлі мәселелері талқыланатын «Дөңгелек үстелдерге» және біздің аймақтың барлық қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысады.

    Қазақстанда діни сенім бостандығы мен ресми діни қызмет жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары