Қазақстан Республикасының Рухани Келісім Күні қарсаңында «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-пен «Квиз» зияткерлік ойынын өткізілді.

    1 / 8

    Қазақстан Республикасының Рухани Келісім Күні қарсаңында «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-пен «Квиз» зияткерлік ойынын өткізілді. Ойынға Павлодар облысының діни бірлестіктерінің жас өкілдері қатысты. Жастар діни білімдерде, Қазақстан тарихында, қоғамымыздың мәдениеті мен дәстүрлерінде бақ сынасты.

    Мұндай іс-шаралар біздің өңірде ұсынылған және азаматтық қоғам өміріне белсенді қатысатын түрлі конфессиялардың жас өкілдері арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

    Зияткерлік ойынға барлығы 6 команда қатысты:

    1. ҚМДБ РИДБ филиалы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті;
    2. Павлодар және Екібастұз епархиясы Павлодар қаласы Благовещенск кафедралдық приходы;
    3. Жетінші күн адвентист-христиандарының Шіркеуі;
    4. Павлодар қ. «ШЫНДЫҚ евангелиялық баптист-христиандары;
    5. Інжіл мәсіхшілер сенімнің Иса мәсіх Шіркеуі;
    6. Павлодар облысының Еврей қауымы.

    Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені Павлодар және Екібастұз епархиясы Павлодар қаласы Благовещенск кафедралдық приходы командасы иеленді. Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары