Түркістан облысының ТЖД бастығының орынбасары А. Акимниязов «Turkistan TV» телеарнасында газ баллондарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары туралы сұхбат берді.
Сұхбат барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау, газ баллондарын қауіпсіз пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен бөлісті.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кәсіпорын қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі хабардарлығын арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және ықтимал жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.









