Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы ақпараттық-түсіндіру кездесулері

    1 / 2

    Халықтың құқықтық сауаттылығын, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында – «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында еңбек ұжымдарында ақпараттық кездесулер өткізілуде.

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс «Sanaly urpaq – 2050» қоғамдық қорымен іске асырылады, Қостанай қ.

    Кездесулер спикері ретінде Жітіқара аудандық прокуратурасының аға прокуроры Қуанышпай Алмас Бауыржанұлы сөз сөйледі.

    Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, интернет-алаяқтықтың, ұрлықтың, адам саудасының құрбаны болмау туралы мәселелер қаралды.

    Мұндай профилактикалық кездесулер азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне, әртүрлі жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін, интернет-алаяқтыққа тап болған жағдайда қайда бару керектігін және т.б. түсінуге ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жітіқара ауданының әкімдігі" жаңалықтары