Көше қоқыс тастайтын орын емес: ШҚО-да құқық бұзушыларды анықтау жалғасуда

    1 / 2

    Көше қоқыс тастайтын орын емес: ШҚО-да құқық бұзушыларды анықтау жалғасуда

    «Таза Қазақстан» аясында Өскемен қаласында бейнебақылау жүйесінің көмегімен қоғамдық орындарды ластау фактілері тіркелді. Құқық бұзушылар жерге шекілдеуік қабығы мен темекі тұқылдарын тастаған.

    Әл-Фараби даңғылында 42 жастағы әйел шекілдеуік шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

    30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде қатарынан үш құқық бұзушылық тіркелген. 38 жастағы ер адам мен 18 жасар қыздар темекі шеккеннен кейін тұқылдарын жерге тастаған.

    Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде де осындай фактілер тіркелді. 19 және 35 жастағы азаматтар темекі тұқылдарын қоршау құбырының ішіне тастап, қоғамдық аумақты ластаған.

    Барлық факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған баптың санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

    Қоғамдық орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу және оларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Қала тазалығын сақтау — әрбір тұрғынның жауапкершілігі.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары