Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында «Тәртіпті азамат – тұрақты қоғам» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
🤝 Кездесуге аудандық полиция бөлімінің өкілдері мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері қатысып, оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🎯 Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық пен құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ жастардың бойында жауапкершілік, адалдық және азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастыру.
📌 Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін орындау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың салдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде маңызды мәселелер қозғалды.









