Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысы Ержан Тоқтархановтың төрағалығымен «Салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік, сауда және индустриалды-инновациялық даму өңірлік басқармаларының, Салық кеңесшілері палатасының өкілдері, сондай-ақ облыстың жетекші құрауыш және өндірістік кәсіпорындарының басшылары мен қаржы мамандары қатысты.
Кездесуді ашқан Ержан Тоқтарханов мемлекеттік кірістер органдары жұмысының басты мақсаты – салық төлеушілермен әріптестік, ашық және түсінікті қарым-қатынас орнату, сондай-ақ туындайтын практикалық мәселелер бойынша бірлесіп сындарлы шешімдер табу екенін атап өтті. Баяндама барысында ағымдағы жылдың 9 айындағы негізгі көрсеткіштер жарияланды: республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің жоспары 100,2%-ға орындалып, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 141,7%-ды құрады, ал жергілікті бюджетке түсімдер 14,3%-ға өсті. Сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша да 38,3%-ға артқан оң динамика байқалады.
Кездесуде бақылау функцияларынан сервистік қызмет көрсетуге көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда салық есептілігі мен құжаттардың 99%-дан астамы электронды түрде ұсынылады, ал камералдық бақылау айыппұл салуға емес, ең алдымен, бұзушылықтардың алдын алуға және салықтық тәртіпті арттыруға бағытталған. Бұдан басқа, аналитикалық құралдар мен бизнесті қолдаудың мемлекеттік шараларының арқасында өңірдегі салықтық тексерулер саны 18%-ға азайды.
Ашық диалог форматында дөңгелек үстелге қатысушылар салықтық есептің практикалық аспектілерін, кәсіпкерлікті қолдау шараларын және бизнес құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Департамент мамандары қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, өңірдегі іскерлік белсенділікті қолдауға және тұрақты ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
жәнеБайланыс-орталығыбасқармасы









