МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінің өкілі қатысты.
Кеңейтілген отырысты Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Қалхаманұлы ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізуге байланысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда:
▪️ Мойынқұм ауданындағы сайлау округтерінің шекараларын қайта бекіту туралы;
▪️ 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;
▪️ Сайлау науқанын ұйымдастыруға қатысты өзге де құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
Сайлау науқанын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ комиссия мүшелеріне алдағы сайлау науқаны барысында атқарылатын жұмыстарды белгіленген мерзімдерде сапалы орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған міндеттер айқындалды.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы









