ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ҰСТАЗДАР СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

    1 / 4

    Түркістан қаласындағы №34 жалпы орта мектепте білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Жарыстың мақсаты – ұстаздар арасында әріптестік байланысты нығайту, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

    Салтанатты жиында Түркістан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Самат Өскенбаев, Облыстық білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Руслан Есболғанұлы, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жайдос Шайдулла қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, жарыс алдындағы жеребе тарту рәсіміне қатысты.

    Биылғы спартакиадаға аудандық және қалалық білім беру ұйымдарының құрама командалары қатысуда. Қатысушылар спорттың 6 түрі бойынша ұйымдастырылған 9 жарыста өзара бақ сынайды. Жарыс кестесіне сәйкес, 13-14 қазан күндері ерлер арасындағы волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық сайыстары өтеді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары