Қызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды

    Қызылорда облысында полицияның тоқтату туралы талабына бағынбай, көлікпен қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды.
    Оқиға 13 қазан күні таңғы сағат 05:55 шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына іліккен Range Rover автокөлігін тоқтату кезінде жүргізушінің әрекеті күдік тудырған.
    Тексеру барысында 33 жастағы қала тұрғынының алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізіліп, автокөлігі айып тұрағына қойылды.
    Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
    Полиция азаматтарға көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, мас күйде рөлге отырмауды ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары