Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев өңірлерге жұмыс сапарын Қызылорда облысынан бастаған «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілесті қабылдады. Еліміздің ақпарат кеңістігіндегі беделді медиақұрылымның бірі – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына тағайындалуымен құттықтады. Ержан Айтөреұлының журналистика саласындағы көпжылдық еңбегін, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін айрықша атап өтті.
Кездесуде өңірлік және республикалық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
«Сыр өңірінің тумасы ретінде туған жердің тыныс-тіршілігін, елдің мұң-мұқтажын жақсы білесіз, аймақ пен республиканың ақпарат кеңістігіндегі байланысты нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.
Бүгінде ұлттық баспасөздің мазмұнын байыту, қазақ тіліндегі сапалы ақпаратты дамыту, дәстүрлі журналистиканың беделін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Басылымдар Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларды кеңінен насихаттап, еліміздің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуындағы маңызды жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізіп келеді.
Осы бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыруда біліміңіз бен тәжірибеңіз жаңа бастамаларға жол ашатынына сенім мол. Ұлттық баспасөздің абыройын асқақтатып, жас журналистердің кәсіби қалыптасуына ықпал етіп, елдік мүдде жолындағы қызметіңізді абыроймен жалғастыра беріңіз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
«Қазақ газеттері» ЖШС – еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Уйғур авази», «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» және «Дружные ребята» басылымдарын біріктіріп отырған шығармашылық ұжым.
Кездесуде Ержан Айтөреұлы ризашылығын білдіріп, өңірдің жетістіктерін республикалық деңгейде кеңінен танытуға, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.
Аймақ басшысы «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорын қабылдады
1 / 3
Ұқсас материалдар

"Таза Қазақстан"
Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда жылу беру маусымы басталды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАУІПТЕРДІ ЦИФРЛЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ БОЙЫНША ӘЗІРЛЕМЕ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
ҚР ДСМАшу
Ақмола облысының ауылдарында жеке инвестиция есебінен байланыс мұнаралары салынады
Целиноград ауданының әкімдігіАшу
EKIBASKET — Қазақстан чемпионы!
"Павлодар облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Аймақ басшысы облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы тексерілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан»: Жалпыхалықтық сенбілік өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу