Елорда полициясы бірінші курс студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізуде

    Елордадағы Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде полиция қызметкерлері жастар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өткізді.
    Кездесу барысында студенттерге есірткі заттарын тұтыну мен заңсыз таратудың салдары, сондай-ақ есірткі айналымына қатысқаны үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар интернет арқылы ұсынылатын күмәнді табыс көздерінің қаупіне және жастарды жеңіл ақша табу немесе оңай жұмысқа орналасу сылтауымен заңсыз әрекеттерге тарту жағдайларына ерекше назар аударылды.
    Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға және ойланбай жасалған әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді.
    Бүгінде елорданың колледждерінде бірінші курс студенттерін қамтитын профилактикалық кездесулер өткізіліп жатыр. Астана полициясы жастар арасында құқық бұзушылықтардың, әсіресе есірткіге байланысты заңсыз әрекеттердің алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары