Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тренинг

    Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Қанабек ауылы, Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінде 5–11-сынып оқушыларымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында педагог-психолог А. Әлібекова тренинг өткізді.
    Тренинг барысында оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі түсіндіріліп, бейбітшілік пен толеранттылықтың маңыздылығы айтылды. Түрлі тренингтік жаттығулар арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, теріс ақпаратты ажыратуға және дұрыс шешім қабылдауға назар аударылды.
    Мақсаты: оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары