2026 жылғы 9 қазанда Жолбарыс батыр ауылдық округ тұрғындары арасында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 бұйрығымен бекітілген «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының» талаптарын түсіндіру мақсатында хабарламалар таратылды.
Аталған Қағидалар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады. Қағидалардың 3-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, іргелес аумақ – объектілерге тікелей іргелес жатқан периметрі бойынша 5 метр аумақ болып табылады. Меншік иелері мен жер пайдаланушылар аталған аумақтың тазалығы мен тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту: Іргелес аумақты қоқыстан, арамшөптерден және шөптен тазарту, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару қажет.
Абаттандыру талаптарының сақталуына рейдтік тексерулер жүргізіледі. Бірінші тексеру барысында бұзушылық анықталған жағдайда ескерту беріледі. Қайта тексеру кезінде бұзушылық жойылмаған жағдайда, кінәлі тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.









