1 / 7
2026 жылғы 1 қазанда Қарттар күніне орай Кәлпе орта мектебінің 10-сынып оқушылары ауылымыздың жасы 90-нан асқан Бәкен апамыздың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Оқушылар апамыздың жағдайын сұрап, жылы әңгімелесіп, көңілін бөліп, ізгі тілектерін жеткізді. Ғасырлық ғұмырға жуық өмір жолынан сыр шерткен Бәкен апамыз оқушыларға ақыл-кеңесін айтып, ақ батасын берді.
Бұл кездесу — үлкенге құрмет көрсету, қарттарды қадірлеу, олардың өмірлік тәжірибесінен тағылым алу сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін ерекше сәт болды.
Батасын берген қарттың — бағы жанады,
Құрмет көрсеткен ұрпақтың — мерейі артады.
Осындай игі кездесулер оқушылардың бойына мейірімділік пен ізеттілікті қалыптастырып, үлкенге деген құрметін арттыра түседі.





