«Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» волонтерлік акциясы өтті

    Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінде «Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» атты волонтерлік акция ұйымдастырылды.

    Акция барысында оқушылар туған өлкенің тазалығына үлес қосып, көшелер мен аулалар аумағын тазалау, қоқыстарды жинау, арамшөптерді жұлу және айналаны абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауға үйрету, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.

    Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
    Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары