1 / 3
2026 жылғы 13 қазанда Кәлпе ауылының ауылдық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында тұрғындарға арналған «Тегін заңгерлік консультация беру» акциясы өтті.
Іс-шараға Қаратал ауданының прокуроры, Жетісу облысының адвокаттар алқасының, жеке сот орындаушыларының және нотариаттық палатасының өңірлік өкілдері қатысты.
Акция барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша мамандардан тегін кеңес алып, заңнамаға қатысты сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге қолдау көрсету.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі!









