Мәслихаттың VIII шақырылымы депутаттарының өкілеттігі тоқтатылды

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі мәслихаттардың VIII шақырылым депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
    Құжатта барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу көзделген.
    Осы шешімді іске асыру шеңберінде Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындауға, оған дайындық жүргізуге және өткізуді ұйымдастыруға байланысты қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
    Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
    Сайлау процесінің алдағы кезеңдері туралы ақпарат белгіленген тәртіппен жұртшылық назарына ұсынылады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Уәлиханов аудандық маслихаты" жаңалықтары