Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
    29 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
    Отырысты экономиканы дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Сатыбалдин Амангелді Солтанұлы жүргізді.
    Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
    Күн тәртібіне:
    Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №2-36с «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жаңа жылыту маусымына дайындау туралы ;
    Ауданның білім беру ұйымдарын жаңа жылыту маусымына дайындау туралы;
    Шағын және орта бизнесті қолдау: кедергілерді жою, рұқсат алуға көмектесу, инвесторларды тарту және қолдау туралы;
    Уәлиханов ауданының ауылдық округтерінде «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын телекоммуникациялық инфрақұрылымның жай-күйі және интернет-қызметтердің сапасы туралы;
    Мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы.
    Депутаттар баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлықсыз Қаратал шағын орталығының қазандығына қатысты және ғимарат одан әрі жұмыс істеуге сәйкес келмейтіндігі туралы мәселе көтерілді. Сонымен қатар ауданға оптикалық-талшықты байланыс желісін жүргізу мерзімдері туралы мәселе де талқыланды.
    Талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Бюджетті нақтылау мәселесі кезекті сессияның қарауына енгізілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары