Уәлиханов аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Уәлиханов аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
    2026 жылғы 29 қыркүйек күні Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы С. Сәниевтің төрағалығымен VIII шақырылымның 44-кезектен тыс сессиясы өтті.
    Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ж. Жантілеуова, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
    Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
    Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
    2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізу және ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау;
    Ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері.
    Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары