Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары кейс-менеджмент бойынша оқудан өтті

    1 / 7

    2026 жылғы 7–11 қыркүйек аралығында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары балалардың құқықтарын қорғау саласындағы кейс-менеджмент бойынша оқыту курсынан өтті.

    Оқытуды «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.

    Курстың негізгі мақсаты – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жағдайларды сүйемелдеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру.

    Оқыту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен балаларды қорғау жүйесіне қатысты мәселелер, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды қолдау тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар жағдайды анықтаудан бастап оны сүйемелдеуді аяқтауға дейінгі кейс-менеджмент кезеңдері, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеу кезінде балаға бағдарланған және жарақаттың әсерін ескеретін тәсілдерді қолдану, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Алынған білім мен тәжірибелік дағдылар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, балалар мен отбасылардың қажеттіліктерін уақтылы анықтауға және оларға кешенді әрі атаулы көмек көрсетуге ықпал етеді.

    Мамандардың біліктілігін арттыру – балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдірудің және әрбір баланың мүддесін қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ" жаңалықтары