Қыркүйек айында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті чемпионаты басталды.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Есіл ауданының прокуратурасы Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп, 200 баланың «Барыс» хоккей клубының Уфаның «Салават Юлаев» және Хабаровскінің «Амур» командаларына қарсы матчтарын тамашалауын ұйымдастырды.
Матч кезеңдерінің арасындағы үзілістерде жас жанкүйерлерге арналған тақырыптық викторина өткізілді. Оның барысында балалар спорт пен заң арасындағы байланысты талқылап, ережелерді сақтау, тәртіптілік және айналасындағыларға құрметпен қараудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Балалар ата-аналарымен бірге хоккей матчтарын тамашалап, еркін пікір алмасу барысында заңға бағыну, жеке жауапкершілік және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады.
Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Елорда прокуратурасы мен Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы балаларға жастайынан заңға, белгіленген ережелерге және жауапкершілікке құрметпен қарауды үйретуге, сондай-ақ әрбір әрекетінің салдарын түсіне білуге шақырады.









