Іс-шара аясында мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен азаматтардың балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты өтініштері қаралды. Атап айтқанда, білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасы, медициналық көмек көрсету, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алимент өндіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында тиісті ведомстволардың мамандары азаматтар көтерген мәселелерді өз құзыреті шегінде қарастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану тәртібі бойынша түсіндірмелер берді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген тетіктері туралы ақпарат ұсынылды. Уәкілетті органдарға жүгіну тәртібіне, қажетті рәсімдерге және көтерілген мәселелерді шешу жолдарына ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ балалар мен отбасылардың құқықтары мен әл-ауқатына қатысты мәселелердің уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.









