- Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. Мақсатымыз - мемлекеттік қызметтерді алуды жеңіл әрі жылдам ету. Артық рәсімдер алынып тасталды. Көлікті қайта жабдықтағаннан кейін оны бөлек қаратудың қажеті жоқ. Енгізілген өзгерістің қауіпсіз екенін растайтын құжат болса жеткілікті. Емтиханды бірінші рет тапсыра алмасаңыз, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші рет те сәтсіз болса, дайындалуға 10 күн беріледі. Теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет өте алмасаңыз, сол емтиханды кейін қайта тапсыру ақылы болады. Бұл шара емтиханға қосымша дайындалу үшін енгізіліп отыр. Сонымен қатар теориялық емтиханды тапсырып, практикалық емтиханнан өте алмасаңыз, теориядан алған нәтижеңіз сақталады. Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстан куәлігіне ауыстыру үшін алдымен теориялық емтиханды тапсыру қажет. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті орган куәлікті берген елге ресми сұрау жібереді. Ол елдің құзыретті органы куәліктің түпнұсқа екенін растағаннан кейін ғана куәлік ауыстырылады. Бұл - жалған құжаттардан қорғау шаралары. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранова.
ІІМ жүргізуші куәлігін алу емтихандарын тапсыру қағидаларын өзгертті
Ұқсас материалдар

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Қордай ауданының әкімдігіАшу
САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
«ӨНДІРІСТІК ПАРК» ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ХАБАРЛАНДЫРУ Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 20-ші отырысын өткізу туралы
Теректі аудандық мәслихатыАшу
АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, рухты көтеру және ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында тимбилдинг ұйымдастырды.
Шымкент қаласының Полиция департаментіАшу
Қоғамдық тәртіп - ортақ міндет!
Шымкент қаласының Полиция департаментіАшу
Шымкент қаласы Еңбекші аудынында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында, ұшқышсыз ұшу апараты (дрон) көмегімен бір апта ішінде 100-ге жуық құқықбұзушылықтың жолы кесілді.
Шымкент қаласының Полиция департаментіАшу
Қауіпсіз үй - қауіпсіз қоғам!
Шымкент қаласының Полиция департаментіАшу
Шымкент қаласы Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға арналған жедел кеңес өтті.
Шымкент қаласының Полиция департаментіАшу