Тарбағатай ауданында абаттандыру қағидаларын бұзу деректерінің жолы кесілді
«Таза Қазақстан» аясында Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірлесіп, санитариялық талаптар мен абаттандыру қағидаларының сақталуын тексеру мақсатында рейд жүргізді.
Рейд барысында бірқатар заңбұзушылық тіркеліп, әрбір дерек бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Жауапты тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақтарды таза ұстау, қоғамдық орындарды ластамау және қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастау қажеттігі ескертілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушылық алғаш рет жасалған жағдайда ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады.
Қазіргі уақытта анықталған заңбұзушылықтар жойылды.
Тазалық пен тәртіп — ортақ жауапкершілік. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









