Жылыту қазандықтарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 5

    Түркістан облысы ТЖД-нің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Жылыту қазандықтарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    Жылыту маусымының басталуына байланысты Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Жылыту қазандықтарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    Іс-шара барысында жылу қазандықтарын, жылу өндіретін қондырғыларды және олардың инженерлік жүйелерін қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану мәселелері қаралды.

    Мамандар жылыту қазандықтарын пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтамау өртке, жарылысқа, көміртек тотығымен улануға, технологиялық жабдықтардың істен шығуына және адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.

    Сондай-ақ облыс аумағындағы қауіпті өндірістік объектілерде жылыту қазандықтарын пайдалану кезінде оқыс оқиғалардың алдын алу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қауіпті факторлардың әсерін болдырмау және авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары