Терроризм шектен шыққан қылмыс

    Сайрам ауданы Қарамұрт ауылының тұрғындары, «Textile» кәсіпорнының қызметкерлері, «С.Рахымов», «Қ.Кемелұлы», «Айша бибі» жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен терроризмге қарсы семинарлар өткізілді.

    Семинарларда ең алдымен терроризм, экстремизм туралы мәліметтер ұсынылып, олардың қорқыныш пен үрей туғызуға бағытталғандығына тоқталды.

    Қатысушыларға қазіргі қоғамдағы теріс идеологиялардың түрлері, олардың арбау жолдары мен қорғану әдістері түсіндірілді.

    Дамыған интеллектуалдық цифрлық заманда ең үлкен қауіп әлеуметтік желілерден келетіндігін ескертті.

    Ақпараттық кеңістікте кез-келген ақпараттардың расталғандығына көз жеткізіп, тек расталған көздерден білім алу қажеттігін жеткізді.

    Теріс идеологияларды уағыздаушылар терроризм мен экстремизмге тікелей үгіттемей, уақыт өте келе адамның санасын улап, теріс әрекетке итермелейді.

    Осылайша, ақпараттық сауаттылық қазіргі қоғамның ең басты қорғаныш құралы екендігіне тоқталды.

    Сонымен бірге, семинарлар барысында тыйым салынған теріс идеологияларды насихаттаушы уағызшылар, әлеуметтік парақшалар мен бейнематериалдар туралы түсінік берілді.

    Кездесулерде оқушылар мен балалардың теріс контенттерді тыңдап, шетелдік күмәнді діни оқу орындарына шығуының алдын алу қажеттігін жеткізіп, еліміздің алдыңғы орындардағы білім ордалары туралы сөз қозғалды.

    Семинарлар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары