Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров «МАЭК» кәсіпорнындағы өндірістік жұмыстардың барысымен танысты. Жұмыс сапарына Ақтау қаласының әкімі, облыстық басқармалардың басшылары және «МАЭК» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелері мен департаменттерінің жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында энергетикалық комбинаттың бас директоры Кеңес Орақов кәсіпорынның өндірістік құрылымы, негізгі қызмет бағыттары мен алдағы міндеттері туралы баяндады.
Жиында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, өндірістік нысандардағы жөндеу жұмыстары, энергетикалық жабдықтардың техникалық жағдайы, сумен жабдықтау және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік қуатын дамыту перспективалары қарастырылды. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары өздеріне қарасты нысандарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Жұмыс сапары аясында Бекбол Орынбасаров кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерін аралап, №2 су алу арнасын ұзарту және тереңдету жұмыстарының барысымен танысты.
-«МАЭК» ЖШС – Маңғыстау облысының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын бірегей кәсіпорын. Өңірді қажетті ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету халық, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандары үшін аса маңызды, – деді Бекбол Орынбасаров.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров «МАЭК» кәсіпорнының жұмыс барысымен танысты
1 / 4
Ұқсас материалдар

Ұлттар сарайында қазақстандық қызғалдақтарды сыйға тарту рәсімі мен Абай бюстінің таныстырылымы өтті
Ашу
«Балаға жақын қоғам» жобасы аясында маңызды мәселелер талқыланды
Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстан Женевада өтіп жатқан БҰҰ-ның алтыншы Қала әкімдерінің форумына қатысты
Ашу
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Нұрдәулет Қилыбай апатты тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтау әкімдігінде әдеп нормаларын сақтау мәселесі талқыланды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда 227 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтаудағы жылу қазандықтары жылыту маусымына толық дайын
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтау қаласының әкімі көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу