Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров Дмитриевка ауылында тұратын Жолдаяковтар отбасына барды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 4
    Қарттар айлығы аясында Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров Дмитриевка ауылында тұратын Жолдаяковтар отбасына барды.
    Сайлау Мәлікұлы Жолдаяков 1949 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. Білім алғаннан кейін еңбек жолын Ынтымақ ауылында малшы болып бастаған. Әр жылдары басқарушы, совхоз директорының жабдықтау жөніндегі орынбасары, жүргізуші болып қызмет атқарды. 2012 жылы зейнетке шықты. Көп жылғы еңбегі үшін алты марапатқа, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісіне ие болды. «Тимирязев ауданының құрметті азаматы» атағына ие.
    Ерлі-зайыптылар бірге өмір сүрген жылдары жеті бала тәрбиелеп өсірді, бүгінде 13 немересі және 4 шөбересі бар. Қазіргі таңда Жолдаяковтар отбасы ауыл шаруашылығымен айналысып, балалары мен немерелеріне қолдау көрсетіп, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласуда.
    Кездесу барысында аудан әкімі ерлі-зайыптыларға көп жылғы еңбегі мен туған ауылдың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасылық амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары