Уақытша болу жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер

    Бүгінмен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін уақытша болу жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы айтқым келеді.

    Мұндайқызметтер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған.

    Мұндайұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер адамды қолдауға бағытталған, жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге, уақытша тіркеуді ресімдеуге, кәсіптік оқытуға және қайта оқытуға жіберуге , жұмысқа орналасуға, жәрдемақы тағайындауға, балаларды мектептер мен балабақшаларға айқындауға және басқа да шараларға қажетті көмек көрсетіледі .

    Әлеуметтікқолдауды қажет ететін,белгілібір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін уақытша тұру да, түнеу мүмкіндігі де қарастырылған. Түнде тұру жазғы уақытта 21:00 — ден 9:00 -ге дейін , ал қыста-18:00 - ден 10:00 -ге дейін беріледі .

    Болумерзімі қызмет алушының санатына және заңнамада белгіленген шарттарға байланысты. Мәселен, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін шарт бір жылға дейінгі мерзімге, ал тұрмыстық зорлық -зомбылық пен адам саудасының құрбандары үшін-алты айға жасалады .

    Тұрмыстықзорлық -зомбылық пен адам саудасының құрбандары үшін жағдайды шешудің және бағалаудың арнайы тәртібі қарастырылған. Бұл көмек көрсету қажеттілігін анықтауға және одан әрі қолдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді .

    Арнаулыәлеуметтік қызметтердің басты мақсаты - адамға уақытша көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік оңалту, тәуелсіздікті қалпына келтіру және қоғамдағы толыққанды өмірге оралу үшін жағдай жасау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары