Департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары

    2026жылғы 7 қазанда Департамент басшысы А. Е. Мекебаева «Электрондықөтініштер» АТЖ бойынша тіркеуші Т. В. Дулинамен бірлесіп департамент қызметкерлерімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс- шара барысында А. Е. Мекебаева қызметкерлердің назарын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне, өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдеріне және азаматтар мен ұйымдарға сапалы және уақтылы жауап беруді қамтамасыз етуге аударды .

    Т. В. Дулина «Электрондықөтініштер» АТЖ жұмысының практикалық мәселелерін, оның ішінде қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес өтініштерді қарау және қайта бағыттау мерзімдерін есептеу тәртібін түсіндірді.

    Аталған іс- шараны өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, орындаушылық тәртіпті нығайтуға және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде заңнама нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары