ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі қарастырылған.
Қызмет түріне қарай азаматтар электронды үкімет порталын, Enbek.kz электрондық еңбек биржасын, eGov Mobile мобильді қосымшасын және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады. Бұл сервистер арқылы мемлекеттік қызметтерге қашықтан өтініш беруге болады. Осылайша, мекемелерге барудың қажеті азаяды.
Министрлік проактивті қызмет көрсетуді де дамытуда. Бұл жағдайда қызмет ұсыну бастамасын мемлекеттің өзі көтереді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде тиісті қолдауды алуы мүмкін азаматтар анықталып, оларға қызметті алу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.
Бұл тәсіл азаматтардың қажетті мемлекеттік қызметті алу үдерісін бастауын жеңілдетеді. Азамат өзіне тиесілі қолдау шаралары туралы білу үшін мемлекеттік органға баруға немесе арнайы өтініш беруге міндетті емес. Ал қызметті рәсімдеу тәртібі оның түрі мен белгіленген талаптарына қарай айқындалады.
Қазіргі уақытта 28 мемлекеттік қызметті проактивті форматта көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтер санының 57,1 пайызын құрайды.
🔗 Толығырақ
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Мәдениет пен өнердің үш өкіліне «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілді
Ақмола облысының әкімдігіАшу
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ДАМУДА
Түркістан облысының әкімдігіАшу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — БОЛАШАҚТЫҢ ТАҢДАУЫ!
Ашу
Түркістан облысында 8 тоннаға жуық жарамсыз қалдық заңсыз төгілген жерден шығарылды
ҚР ІІМАшу
Наталья Богданова Қазақстан полициясының атын халықаралық спорт аренасында танытып жүр
ҚР ІІМАшу
"Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары

ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ӘЛ-АУҚАТ ДЕҢГЕЙІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙДЫ?
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
Үлкен Нарын ауданында еңбек заңнамасының сақталу мәселелері қаралды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
ШҚО-да еңбек заңнамасының сақталуы бақылауда
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
ЕШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы мәліметтерді қазірден тексеріңіз
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу