2026 жылғы 7 - 9 қазан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқармасымен бірлесіп, «Кеден АЖ» тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде шарттардың сақталуын қамтамасыз ету және кедендік әкімшілендіру» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың кеден әкімшілігі саласындағы кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ «KEDEN» ақпарат жүйесін пайдалана отырып, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде белгіленген шарттар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде:
- Есенжолова Газиза Досмагамбетовна – Кеден бақылау департаменті, кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша 123 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.









