
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), S&O IP «Schmitt & Orlov intellectual Property» Компаниясымен бірлесіп 2026 жылдың28 қыркүйек - 1 қазан аралығында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді.
Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша қызметкерлердің құзыретін арттыру болып табылады.
Күндізгі оқу семинарына «Қапланбек» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде:
- ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің басшысы - Айгелов Асылхан Тулеубаевич;
- S&O IP «Schmitt & Orlov intellectual Property» Компаниясының өкілі - халықаралық заңгер - Имангалиева Рената Сериковна қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 25 тыңдаушы біліктілігін сәтті арттырғандағы туралы электронды сертификат алды.









