«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 05.10.2026 жылы Алматы облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Сүлейман Демирел атындағы университетінің студенттеріне арналған дәріс өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, оның ішінде мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптар, конкурсқа қатысу тәртібі, сондай-ақ еңбек заңнамасының негізгі нормалары, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Сонымен қатар, нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібіне ерекше назар аударылды. Студенттерге кандидаттарға қойылатын талаптар, қажетті құжаттарды ұсыну және аттестаттаудан өту тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Нотариат туралы», «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің қолданыстағы нормалары негізінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және студенттерді заң саласындағы кәсіби қызметтің бағыттарымен таныстыруға бағытталған.
⚖️ «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
1 / 5
Ұқсас материалдар

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
"Ақтау кенті әкімінің аппараты" ММАшу
Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық қарттар күніне орай «Миссис Элегантность – 2026» байқауы өтті.
Жарқайың ауданының әкімдігіАшу
Елордалық оқушылар мектеп бақшасында өздері өсірген өнімді жинады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
ЖЫРМЕН ЖАРҚЫРАҒАН ТҮН: ЖЕТІСАЙДА АҚЫН МҰХТАР ҚҰРАЛОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жетісай ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
Мақала
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
Ашық есік күні!
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
Мақала
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы облысының Әділет департаментіАшу