Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

    1 / 7

    Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    Қабылдау барысында мекенжайы қате көрсетілген жеке тұрғын үйдің жер учаскесін тіркеу, сауда-саттық мақсатында дүңгіршек орнату, мұрагерлік тәртіппен келген жер учаскесін тіркеу және тағы басқа сұрақтар көтерілді.

    Басқарма басшысы әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, мән-жайды анықтап түсіндірді. Жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

    Сонымен қатар, тұрғындардың бірі бизнес орталықтың құрылысына қатысты жүгінді. Басқарма басшысы құрылыс компаниясымен аталған жер учаскесінде көлік қозғалысын шектемеу жайында келісілгенін жеткізді. Бұл мақсатта мердігер жер учаскелерінің аумағын қысқартып, қайта эскиз әзірлегендерін айтты. Дегенмен, Алтынбек Ахметов жоба алдындағы құжаттамалардың келісімнен өтпегенін және сол себепті құрылыстың әзірге басталмайтынын атап өтті.

    Ақпарат ретінде айта кетейік, Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер басқармасы тек Астана қаласына қатысты мәселелер қарастырады және негізгі мақсаты – жоба алдындағы құжаттаманы келісу.

    Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары