ҚАЗЫҒҰРТТА АМЕРИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

    Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 4,3 млрд теңгеге америкалық технология бойынша заманауи мал бордақылау кешені салынып жатыр. Жоба бір мезгілде 5 мың бас ірі қараны бордақылауға мүмкіндік береді.
    🔰 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында Қақпақ ауылдық округінде болып, «Қарқын-2030» ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаның құрылыс барысымен танысты.
    ⤵️ Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамытуда осындай инвестициялық жобалардың маңызы зор екенін атап өтті.
    📌 – Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және инвестиция тартуға басымдық беріп отырмыз. Әсіресе, мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізіп, өндіріс көлемін арттыру маңызды. Бұл жоба ауданның экономикалық дамуына серпін беріп, тұрақты жұмыс орындарын ашуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да осындай бастамаларды қолдап, ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалануға күш саламыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
    🔰 16 гектар аумақта орналасқан алаңның құрылысы 2025 жылы басталған. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан кешенде өндірістік үдерістерді автоматтандыру, жем-шөп дайындау, малды күтіп-бағу және қалдықтарды басқару жүйелері қарастырылған.
    🔰 Нысан ветеринариялық, санитариялық және технологиялық талаптарға сәйкес жабдықталады.
    🔰 Жоба аясында 5 нысан салу көзделсе, бүгінде 4 нысанның құрылысы толық аяқталды. Кешен толыққанды қуатына биыл қосылады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
    🔰 Қазіргі уақытта 3700 бас ірі қара мал қабылданып, 2500 бас мал бордақыланған.
    🔰 Аталған жоба Қазығұрт ауданының мал шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға үлес қосуды көздейді. Сонымен қатар ет өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары